Өскемендік тұрғын Ертіс жағалауындағы саяжолдың үстінде қызметтік көліктерін жуған полиция қызметкерлері туралы видео таратқан болатын. Видеода желі қолданушысы сақшылардың өзен жағасында көлік жуып жатқанын айтып, ішкі істер өкілдерінен бұл әрекеттерінің қаншалықты заңды екенін сұрайды.
Облыстық полиция департаменті аталмыш оқиға бойынша қызметтік тексеру жүргізбек.
«Оқиғаның мән-жайы жан-жақты анықталып жатыр. Желіге тараған видео бойынша қызметтік тексеріс тағайындалды. Полиция өкілдерінің әрекеті қаншалықты заңға қайшы екені сол тексеріс нәтижесінде белгілі болады», - дейді департаменттің баспасөз қызметінің маманы Азамат Раисов.