Полиция қызметкерлері еріктілермен бірге көше тәртібін бақылап жүр. Өңірде барлығы төтенше жағдай режимін бұзған 386 дерек тіркелді. ӘҚБтК-нің «ТЖ режимін бұзу» бабы бойынша 360 бұзушылық тіркеліп, 76 адам қамалды. Ал ӘҚБтК «ТЖ жағдайында құқық тәртібін бұзуға итермелейтін іс-әрекеттер» бабы бойынша 14 тұрғынға айыппұл салынып, 12 адам ұсталды.
«Құрмыш ауданында тұратын 36 жастағы ер адамға ӘҚБтК-нің «ТЖ режимін бұзу» бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Ол сағат 22:30-да Ақжар-2 тұрғын үй алабында жүр әрі мас болған. Әкімшілік сотпен ер адамға 10 АЕК (27.780 теңге) айыппұл салынды. Азаматтардың блокпосттардан заңсыз айналып өту фактісі тіркеліп жатыр. Барлығы 17 адам анықталды. Қамалғаны, айыппұл төлегені де бар», - деді облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.