Көші-қон комитеті елордада 4 баласымен жертөлені паналаған анаға қатысты пікір білдірді

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Көшік-қон қызметі комитеті 4 баласымен жертөледе тұрып жатқан Бибіғайша Исабековаға қатысты ресми ақпарат берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бірқатар БАҚбеттерінде Нұр-Сұлтан қаласында тұратын 4 баланың анасы жарты жылдан беріжертөледе тұрып жатқаны туралы ақпарат тараған болатын. Көші-қонқызметі комитеті мақала кейіпкерінің баспана кезегіне неліктен тұра алмағанынтүсіндірді.

«Заң бойынша, республикалық маңызы бар қалаларда тұрғын үйгемұқтаж азаматтарды есепке алу кезінде оның қала аумағында тұрақты кем дегенде 3жыл тұруы талап етіледі. 1974 жылы туғанБибіғайша Болатқызы Исабекова тек осы жылдың қаңтар айында ғана тұрғылықты жерібойынша Нұр-Сұлтан қаласында тіркелген. Жеке куәлігін де алғаш рет осы кездерәсімдеген. Аталған кезеңге дейін Астанада тіркеусіз және жеке басынкуәландыратын құжатсыз тұрған», - делінген ресми мәліметте.

Комитеттің ақпаратына қарағанда, көпбалалы ананың мәселесісот арқылы шешілуі мүмкін.

Қалалық көші-қон қызметінің тіркеу есебі бойынша оның 2019жылға дейін елордада тұрғаны расталмады. Азаматшаға өзінің қала аумағында қаншауақыт тұрғанын дәлелдеу үшін ҚР азаматтық-құқықтық кодексінің 306-бабы бойыншасотқа жүгіну қажет», - деді Комитет.

Соңғы жаңалықтар