— Спортшымыз тартысты белдесулер өткізіп, жарыс қорытындысы бойынша қола медаль иеленді, — делінген хабарламада.
Еске салайық, Қазақстаннан Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына 150-ден астам спортшы қатысып жатыр.
Бүгін Қазақстан құрамасы аударыспақтан алғашқы екі алтын медаль еншіледі.
Бұған дейін қазақстандық Абзал Төлебеков жамбы атудан Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының чемпионы атанды. Сондай-ақ Нұрсұлтан Есімбай қола медаль жеңіп алды.
Сондай-ақ Қырчын жайлауында «Көшпенділер әлемі» этноауылы ашылғанын хабарлаған болатынбыз.