Бұл туралы ақпарат алғаш рет әлеуметтік желілерде тарады.
Куәгерлердің сөзіне қарағанда, жол шетінде жатқан пакеттің ішінен шамамен 6-7 айлық шарананың денесі табылған.
Осы жайтқа байланысты облыстық полиция департаменті ресми түсініктеме берді.
– Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды. Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайын анықтау мақсатында тиісті тергеу шараларының кешені жүргізіліп жатыр, - деп мәлімледі Ақмола облыстық ПД.
Айта кетейік, бұған дейін Семей қаласында қоқыс жәшігінен шақалақтың денесінің табылуына байланысты қылмыстық іс қозғалған еді.