Қостанай, Ақмола облыстарында ертең жел күшейіп, боран соғады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 19 желтоқсанда Қостанай, Ақмола облыстарында жел күшейіп, боран соғады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазгидрометке сілтеме жасап.

19 желтоқсанда Қостанай облысының кей жерлерінде бұрқасын, тұман күтіледі. Батыстан жел соғады, кей жерлерде екпіні 18 м/с жетуі ықтимал.

19 желтоқсанда Ақмола облысының кей жерлерінде тұман түседі, бұрқасын соғады. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, кей жерлерде күші 15-20 м/с жетеді.

Синоптиктердің болжауынша алдағы үш күнде Жамбыл облысында қатты жел тұрып, қалың қар жауады, боран соғады. Ал бүгін Ақмола облысында жаяу борасын күтіледі.