Қайрат Нұрсейітұлы Әбдіров 1980 жылы 4 шілдеде Қарағанды облысының Қарағанды қаласында туған.
Прокуратура органдарындағы еңбек жолын 2003 жылы Қостанай қаласы прокурорының көмекшісі міндетін атқарушы қызметінен бастаған.
Қостанай облысы прокуратурасының ішкі істер органдарындағы тергеу мен анықтаудың заңдылығын қадағалау басқармасының бөлім бастығы (2009 ж.), Қостанай облысы Қарабалық ауданы прокурорының орынбасары (2009–2010 жж.), Қостанай облысы прокуратурасының тергеу мен анықтаудың заңдылығын қадағалау басқармасының аға прокуроры (2011–2012 жж.), Бас көлік прокуратурасының Қостанай көлік прокурорының орынбасары (2012–2017 жж.), Қостанай облысы прокуратурасының үкімдердің орындалуын қадағалау басқармасының бастығы (2018–2019 жж.), Қостанай облысы Әулиекөл ауданының прокуроры (2019–2023 жж.) қызметтерін атқарған.
2023 жылдан бастап Қостанай облысы Денисов ауданының прокуроры қызметін атқарды. Сондай-ақ Қостанай ауданының прокуроры болды.
Сыныптық шен — аға әділет кеңесшісі.
Осыған дейін Солтүстік Қазақстанда Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің жаңа өкілі тағайындалғанын жазғанбыз.