Kostanay Music Fest: өрт кезіндегі концерттен жиналған 50 млн теңге зардап шеккендерге аударылады

ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат – «Kostanay Music Fest» музыка фестивалін ұйымдастырушылар өрттен зардап шеккендерге 50 млн теңге аударады. Бұл туралы аталған шараны ұйымдастырушылардың бірі Алмас Жәли өзінің Instagram-дағы парақшасында жазды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Әлеуметтік желі қолданушылары кеше Қостанай қаласында өткен Kostanay Music Fest музыкалық фестиваліне қатысты наразалық білдірді. Көбі орман өрті өршіген қиын уақытта мұндай шара өткізу орынсыз екенін жазды. Жағдайға баланысты фестиваль ұйымдасытрушысы Алмас Жәли түсініктеме беріп, концерттен түскен барлық ақшаны өрттен зардап шеккен Әулиекөл тұрғындарына аударатынын мәлім етті.

«Онға жуық ең танымал шығармашылық ұжымдар мен орындаушыларды әкелген концерт 100 пайыз жеке қаражат есебінен ұйымдастырылды. Әртістердің өнерін тамашалауға Қазақстанның бірнеше қалаласынан мыңдаған жастар келді. Бір айда 16 мың билет сатылды. Біз тек шара басталар кезде ғана өрттің өршігенін және бір адамның қайтыс болғанын білдік. Ал бұл уақытта көрермендердің барлығы стадион алдында тұрды. Мұнымен қоса, билеттер толық сатылған болатын. Біз бұл концертке 3 ай бойы дайындалдық және әуел баста одан түскен ақшаны толығымен қайырымдылыққа бағыттаймыз деп жоспарлағанбыз. Сондықтан, өрттен зардап шеккендерге фестивальден түскен барлық қаражатты аударамыз, яғни 50 миллион теңге осы табиғи апаттан қиын жағдайға тап болған адамдарға көмек ретінде беріледі», - деп жазды Алмас Жәли өзінің Instagram парақшасында.

Бұрын хабарлағанымыздай, «Қазақстан халқына» қоғамдық қоры өрттен зардап шекккендерге көмек көрсетеді. Ал, өрттен үйлері жанып кеткен отбасыларға екінші деңгейлі банктің бірі 1 млн теңгеден береді және несиелерін жабады.