Қостанай облысында ауруханада 10 айлық бала көз жұмды

АСТАНА. KAZINFORM - Қайғылы оқиға бір күн бұрын белгілі болды: бақилық болған баланың анасы әлеуметтік желіде Қостанай облыстық балалар ауруханасының жұқпалы аурулар бөлімшесінде 10 айлық баласы қайтыс болғаны туралы жазба қалдырған. Жағдайға облыстық денсаулық сақтау басқармасы түсінік берді.

Фото: pixabay.com

Әйел нәрестенің өліміне дәрігерлердің салғырттығы себеп болғанын жазды: бала ауруханаға демікпемен түскен. Анасының айтуынша, оған нақты диагноз қою мүмкін болмады. Бөлімшеде бірнеше күн жатқан бала жансақтау бөлімінде көз жұмған. Бұл фактіге Қостанай облысының денсаулық сақтау басқармасы түсінік берді.

— Денсаулық сақтау басқармасы Қостанай облыстық балалар ауруханасында көз жұмған баланың туыстары мен жақындарына қайғыларына ортақтасып көңіл айтады. Осы іске байланысты денсаулық сақтау басқармасында қызметтік тексеру басталды. Сондай-ақ оқиғаға қатысты сот-медициналық сараптама жүргізілетінін хабарлаймыз. Сараптама нәтижелері мен медициналық фармацевтикалық қызметтің сапасы, бақылау комитетінің (ҚҚМДБ) қорытындысы ұсынылады, - деп хабарлады ведомство.

Қостанай облысының полиция департаменті түсінікті кейін беруге уәде етті.

Бұған дейін Алматы облысында жан түршігерлік оқиға болған еді. Онда қараусыз қалған ғимараттан жаңа туған нәрестенің денесі табылды.