Қостанай облысында интернет арқылы есірткі сатқан тұрғын ұсталды

Фото: Polisia.kz

ҚОСТАНАЙ. KAZINFORM — Қостанай облысы Жітіқара қаласында интернет арқылы есірткі сату схемасы әшкереленді, деп хабарлайды Polisia.kz.

Полицейлер интернет арқылы есірткі заттарын таратудың жолын кесті. Жедел іс-шаралар барысында Жітіқара қаласының 18 жастағы тұрғыны ұсталды.

— Пәтерді тінту кезінде электронды таразы, орау материалдары, ұялы телефондар және ұнтақ тәрізді заттар табылып, тәркіленді. Алынған заттардың жалпы салмағы шамамен 800 граммды құрады. Алдын ала мәлімет бойынша күдікті мессенджер арқылы жұмыс істеген интернет-дүкенмен байланыста болған, — делінген ақпаратта.

Қазіргі уақытта сараптамалар тағайындалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Айта кетейік, Алматы полициясы 2025 жылы жарты тоннадан астам есірткі тәркіледі.