Ресми мәлімдемеде жер сілкінісінің 2024 жылдың 27 шілдесінде таңғы сағат 9:54-те болғаны айтылған.
– Рудный қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 21 шақырым жерде сейсмикалық оқиға болды. Эпицентр координаттары: солтүстік ендік 52,81 градус, шығыс бойлық 63,28 градус. Магнитудасы mb=3,9. Энергетикалық класс К=9,4, - делінген хабарламада.
Еске сала кетейік, бұған дейін Қазақстанның шығысында жер сілкінісі тіркелгенін жазған едік.