Қостанай облыстық прокуратурасының хабарлауынша, сонымен қатар мектептердің бірінің ресми сайтында кәмелетке толмағандардың жеке деректері қамтылған құжаттар қолжетімді болған.
Ұзынкөл ауданының прокуратурасы балалардың қауіпсіздігі саласындағы заңнама талаптарының сақталуына жүргізілген талдау барысында дербес деректерді қорғау және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету талаптарының бұзылғанын анықтады.
Бұдан бөлек, білім беру ұйымдарында интернет-контентті тиісті деңгейде сүзгілеу қамтамасыз етілмеген. Соның салдарынан оқушылар зорлық-зомбылық пен құмар ойындарды насихаттайтын, сондай-ақ деструктивті мазмұндағы интернет-ресурстарға қол жеткізген.
Анықталған заңбұзушылықтарға байланысты білім беру ұйымдарының бірінің басшысы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 79-бабының 2-бөлігі бойынша әкімшілік жауаптылыққа тартылды.
Прокурорлық қадағалау актісі негізінде анықталған заңбұзушылықтар жойылды.
Кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау, олардың дербес деректерінің сақталуын және білім беру ұйымдарындағы ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жұмыстары прокуратура органдарының бақылауында.
Осыған дейін Алматы облысында мектеп-интернаттың лауазымды тұлғалары ақша жымқырғаны анықталды.