Қостанай облысында полиция ауа райына байланысты қауіпсіздік шараларын күшейтті
00:08, 06 Қараша 2025
АСТАНА. KAZINFORM – Қостанай облысында қатты боран соғып, жолдарда көктайғақ пайда болды, деп хабарлайды Polisia.kz.
Осыған байланысты патрульдік полиция қызметі күшейтілген жұмыс тәртібіне ауысты.
Тәртіп сақшылары облыс орталығынан шыға беріс жолдарда көліктерді тоқтатып, жүргізушілерге қауіпсіздік шараларын еске салып жатыр.
- Полиция қызметкерлері ауа райы тұрақталғанша алыс сапарға шықпауға және көліктің техникалық жағдайын тексеруге кеңес береді, - делінген хабарламада.
Айта кетейік, осыған деін «Қазгидромет» еліміздің 12 өңірінде ауа райына байланысты ескерту жариялады.