Қостанай облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің мәліметінше, заңсыз тасымал ҰҚК Шекара қызметімен бірлесіп анықталған.
2026 жылғы 26 қыркүйекте «Қайрақ» автомобиль өткізу пунктінде Қазақстанға бағыт алған Volvo жүк көлігі тексерілген.
Көліктен акциздік маркасы жоқ бес түрлі темекінің 1 000 блогы, яғни жалпы саны 10 мың қорап табылды. Заңсыз айналымнан алынған өнімнің құны 10,6 млн теңге болған.
Ведомство қажетті құжаттары жоқ және таңбалау талаптарын бұза отырып темекі өнімдерін тасымалдауға заңмен тыйым салынғанын еске салды.
Тәркіленген темекінің барлығы жойылды.
Экономикалық тергеп-тексеру департаменті кәсіпкерлерді акцизделетін өнімді тасымалдау және сату кезінде заң талаптарын сақтауға шақырды.
Айта кетейік, елімізде темекі контрабандасы үшін сотталғандар мемлекетке 7,3 млрд теңге қайтаратынын жаздық.