Қостанай облысында тұмау жұқтыру көрсеткіші артып барады
05:56, 03 Желтоқсан 2025
ҚОСТАНАЙ. KAZINFORM — Өңірде тұмау мен ЖРВИ дертінің таралу көрсеткіштері өсіп барады, деп хабарлайды Kazinform агенттігі.
Өткен аптада өңірде 17 288 ЖРВИ жағдайы тіркелді. Көрсеткіш 100 мың халыққа шаққанда 2080,4-ті құрап отыр, бұл бір апта бұрынғыдан 1,6 есе жоғары (10 512 жағдай, көрсеткіш — 1264,9).
Облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мәліметінше, науқастардың ішінде 14 жасқа дейінгі балалар 65,3% құрайды — 11 267 жағдай. Бұдан бөлек, облыста тұмаудың 75 жағдайы анықталған.
Еске сала кетсек, сырқаттанушылықтың өсуіне байланысты Қостанайда мектептер онлайн режимде оқуын жалғастырып жатыр.
Ал Алматыдағы эпидемиологиялық жағдай қалай қалыптасып жатқаны туралы мына жерден оқи аласыздар.