Ведомство мәліметінше, осы оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғалды.
— Алдын ала мәліметтерге сәйкес, «Mercedes-Benz» автокөлігінің жүргізушісі қарсы қозғалыс жолағына шығып кетіп, соның салдарынан ВАЗ-2107 көлігімен бетпе-бет соқтығысқан. Қазір оқиғаның мән-жайын анықтауға бағытталған қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр, — делінген хабарламада.
Полиция департаменті жүргізушілерді жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға және жолда барынша мұқият болуға шақырады.
Бұдан бұрын Алматы облысында жол апатынан 4 адам опат болғанын жазғанбыз.