Өртті ауыздықтауға Төтенше жағдайлар министрлігі бөлімшелерінің күштері, әкімдік пен жергілікті атқарушы органдар, екінші құтқару батальоны, аумақтық қорғаныс әскери бөлімдері, Ұлттық ұлан, полиция академиясы және орман шаруашылығы қызметкерлері жұмылдырылды.
Сондай-ақ ТЖМ-нің «Қазавиақұтқару» тікұшағы қолданылды.
- Жалпы алғанда, 550-ден астам адам және шамамен 80 техника бірлігі тартылды, - деп жазды ведомстводан.
Айта кетейік, Батыс Қазақстанда 400 тонна пішен өртеніп кетті.