«Биылғы 17 тамызда Ұлттық қауіпсіздік комитеті мен Жоғарғы соттың Ішкі қауіпсіздік бөлімінің өзара іс-қимылы нәтижесінде Қостанай қаласында Қостанай облыстық сотының судьясы ірі көлемде пара алу кезінде ұсталды.
Ақша мүдделі тараптың пайдасына соттың оң шешімін алу үшін көзделген.
Басқа ақпарат тергеудің мүддесіне орай жарияланбайды», - делінген ұсынылған хабарламада.
ҚР ҰҚК-нің Тергеу департаменті ҚР Қылмыстық кодексінің 366-бабы 3-бөлігінің 3-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдарын жүргізіп жатыр.