«Балаларды мектепке дейінгі ұйымдармен қамту өткен жылмен салыстырғанда 6,2 пайызға өсіп, жалпы алғанда 71,5 пайызды құрады», - делінген ҚР Білім және ғылым министрлігінің хабарламасында.
Балабақшамен қамтудың ең жоғарғы көрсеткіші Қостанай (100 пайыз), Қарағанды (97,8 пайыз), Павлодар (95,6 пайыз), Батыс Қазақстан (95,3 пайыз) облыстарында тіркелді.
Републикалық көрсеткіштерден төмен деңгей Алматы облысында (55,9 пайыз), Жамбыл (65,1 пайыз), Маңғыстау (63,9 пайыз), Оңтүстік Қазақстан (58 пайыз) облыстарында және Астана (62,4 пайыз), Алматы (53,1 пайыз) қалаларында тіркелді.