«Биыл күзеттегі пәтерлердің 5%-ға, сондай-ақ әртүрлі меншік нысанындағы объектілердің 8%-ға жуық артуы байқалды. Өткен жылы күзет қызметкерлері 16 қылмыстың бетін ашты, 27 құқық бұзушы ұсталды, күзетілетін нысандарда 16 ұрлықтың алдын алды», - деп баяндады облыстық полиция департаментінің күзет қызметін қадағалау бөлімі бастығының міндеттерін атқарушы Абзал Болатов.
Күзет қызметі жылдан жылға өсіп келеді. Заманауи жеке күзет компаниялары қызметтердің кең спектрін көрсетеді: олар аса маңызды мемлекеттік және жекеменшік объектілердің қауіпсіздігін қамтамасыз етеді, ұрлықтың алдын алады, жүктерді алып жүру және инкассациялауды жүзеге асырады, объектілердің техникалық жабдықталуының сақталуын қадағалайды және объектілерде тәртіпті қамтамасыз етеді.
Облыстың бірқатар тұрғындары күзет ұйымдарының қызметіне жүгініп, дабыл және бейнебақылау қондырғыларын орнатуда.