Қостанай облысында бір табын бұзауды ұрлағандар ұсталды

ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат – Жітіқара ауданында бір серіктестіктен 13 бұзауды ұрлап әкеткен күдіктілер ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық полиция департаментінде атап өтілгендей,күдіктілер жергілікті ЖШС-на2,3 млн теңге шығын келтірген. Полиция қызметкерлері ұрлыққа қатысты үш адамды қолғатүсірді.

«Күдіктілер ЖШС ауласының күзет үйшігіне кіріп, 41жастағы малшыны байлап тастап, 13 бұзауды ұрлап кеткен. Түлікті Тарна ауданыныңВалерьяновка ауылына айдап жібергені анықталды. Күдіктілер арнайы бетпердекиген. Полицейлердің жедел қызмет етуінің арқасында бұзаулар иесінеқайтарылды», - делінген ведомствоның баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.

Қазір осы дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерушаралары жүргізілуде. Күдіктілер уақытша ұстау изоляторында.