Қостанай облысында есірткі дилерлерінің қылмыстық тобы ұсталды - ІІМ

Фото: None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - ІІМ қызметкерлері және Қостанай облысының полицейлері ұзақ уақыт ізіне түсіп, есірткі өткізумен айналысқан ұйымдасқан қылмыстық топты ұстады, деп хабарлайды ҚазАқпарат министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қылмыскерлердіқұрықтау жергілікті полиция департаментінің арнайы мақсаттағы жасағы қатыстырылаотырып Рудный қаласы мен Федоров ауданының аумағында жүргізілді.

«10 адамнан тұратынтұрақты қылмыстық топта ұйымдастырушы, курьер, өткізуші, жеткізушілердіңрөлдері нақты белгіленген. Қазіргі уақытта топтың 6 мүшесі уақытша ұстауизоляторына қамалды, 4-уіне қатысты ешқайда кетпеу туралы бұлтартпау шарасықабылданды», делінген хабарламада.

Полицияқызметкерлері ұстау және тінту іс-шаралары барысында 400 грамм героин, 3,55 млнтеңге, 6,4 мың доллар, алтын бұйымдар және 5 көлік тәркіленді.

Қылмыстық топтыңұйымдастырушылары мен қатысушыларына қатысты ҚР ҚК-нің 297-бабының 3-бөлігібойынша (аса ірі көлемде есірткіні өткізу), сондай-ақ ҚР ҚК-нің 262-бабының1-бөлігі бойынша (қылмыстық топ құру және басқару) және ҚР ҚК-нің 262-бабының2-бөлігі бойынша (ҰҚТ қатысу) сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

Қолданыстағы заңдааталған қылмыстар үшін мүлкін тәркілей отырып, 12 жылдан 15 жылға дейін басбостандығынан айыру түріндегі жаза көзделген.

Соңғы жаңалықтар