«Ірі қара малдан бруцеллез ауруының табылуына байланысты Қостанай облысы Әулиекөл ауданы Диев ауылдық округінің Диев ауылы аумағында шектеу іс-шаралары белгіленсін. Әулиекөл аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасына анықталған эпизоотия ошағын жою үшін қажетті ветеринариялық-санитариялық іс-шаралар жүргізу ұсынылсын», - делінген Ашық НҚА поратында жарияланған аудан әкімдігінің шешім құжатында.
Қоса кетсек, жыл басынан бері Батыс Қазақстан облысында 5 030 бас ірі қара мен 788 бас ұсақ малдан бруцеллез анықталды.
Сондай-ақ, Түркістан облысының Қазығұрт ауданындағы екі ауылда ұсақ мал бруцеллезге шалдығып, елді мекенге шектеу енгізілген еді.