29 қаңтар күні коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық мониторинг тобы Қостанай қаласында рейд жүргізген болатын. Жұмыс барысында топ құрамындағы әкімдіктік қызметкерлері мен БАҚ өкілдеріне жергілікті караоке-бар күзетшілері күш көрсекен.
«Мониторинг тобының жұмысына кедергі келтіріп, күш қолданғандар туралы «102» нөміріне хабарлама түсті. Караоке-бар күзетшілері топ құрамында жұмыс істеген үш әйелді күшпен итеріп шығарған, ал баспасөз өкілінің ұялы телефонын тартып алды. Оқиға орнына полиция жасақтары келді. Қазіргі уақытта барлық іс-әрекеттерге құқықтық баға беріледі. Атап айтқанда, мониторинг тобы қызметкерлеріне күш қолданған екі күзетшіге қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 114-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Арнайы сараптама тағайындалды», делінген ведомство хабарламасында.