Оқиға 4 қазан күні Б.Майлин ауданының Новоильинов ауылында болған. Белгісіз біреулер байлаулы тұрған 4 итті өлтіріп кеткен. Келесі күні олардың иелері полицияға арызданған.
«2020 жылдың 5 қазаны күні Новоильиновка ауылының үш тұрғыны Бейімбет Майлин аудандық полиция бөліміне хабарласып, байлаулы тұрған иттерін өлтіріп кеткендерге шара қолдану туралы арыз жазды. Аталған факт ҚР ҚК 316-бабы «Жануарларға қатыгездік көрсету» бойынша сотқа дейінгі тергеуге алынды. Аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері кінәлі тұлғаларды анықтау үшін кешенді шаралар жүргізуде»,- деді полицияның баспасөз хатшысы Ирина Беженарь.