«10 тамыз күні сағат 17: 25-те Қостанай облысы Садчиковка ауылында жеке секторлардың бірінде тереңдігі 8 метрлік құдық ұңғымасына 2 жасар бала құлап кетті.
Бала 3,5 метр тереңдікте кептеліп қалған. Оқиға орнына дереу жеткен құтқарушылар сәбидің тыныс алып жатқандығына көз жеткізген. Олар жедел түрде шұңқырға оттегі жіберіп, баланы шығарып алу мақсатында ұңғыманың жанынан тағы шұңқыр қазды.
Құтқарушылар қолы ғана көрініп тұрған баланы арқанның көмегімен шығарып алды. Ауқымды құтқару операциясына 9 құтқарушы мен 2 техника жұмылдырылды. Көмекке жергілікті ауыл тұрғындары да келді. Баланы құтқару жұмыстары сағат 19:20-да аяқталды», - деді Т.Уәли.
ТЖМ ата-аналарға балаларды қараусыз қалдырмауды ескертеді. Төтенше жағдай туындаған кезде «112» немесе «101» нөміріне қоңырау шалу керек.