Қостанай облысында заңсыз оқ-дәрі сақтаған ер адам тұтқындалды

ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Жетіқара ауданындағы «Желқуар» кедендік бекетінде полицейлер 59 жастағы Ресей азаматын заңсыз оқ-дәрі сақтады деген күдікпен ұстады.

«Оның көлігін тінту кезінде артқы орындықтан 1 оптикалық көздеуші және 7,62 мм калибрлі оқ табылды», - деп хабарлайды Қостанай облысы ІІД баспасөз қызметі. Ұсталған адамның оқ пен қару бөлшегін асыруға құжаты болмаған.

Қылмыстық іс қозғалып, іске қатысты сотқа дейінгі тергеу  жүргізіліп жатыр.