Қостанай облысында жем-шөптің бағасы шарықтап тұр

Фото: None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат – Қостанай облысында бір тонна шөптің бағасы 30 мың теңгеге дейін барады. Мұның себебін облыстық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының басшысы Жансұлтан Тәукенов түсіндіріп берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Өткен жылдармен салыстырғанда биыл облыста шөптің шығымы тымтөмен. Көктегендерінің өзі аптап ыстықта сарғайып, күйіп кеткен. Тиісіншежем-шөптің бағасы шарықтап кеткен. Кейбір аудандарда оның тоннасы 30 мыңтеңгеге дейін барады.

«Өңірлерде шөп бағасыәрқилы. Мысалы, Науырзым ауданында 1 тонна шөп 15 мың теңгеге бағаланып отыр. Ал Федоров,Сарыкөл аудандарында 16-18 мың теңге көлемінде.Бір сөзбен айтқанда, облыс бойынша шөпбағасы жиырма мың теңгенің айналасында тұрақтамақ. Шабындық жері мол, шөбішүйгін Аманкелді, Жанкелдин аудандарында бір тонна шөп 7,5 мың теңге. Ал малазығынан таршылық көріп отырған Жітіқара мен Қамысты аудандарында баға 30 мыңтеңгеге дейін барады. Бұл өткен жылғы деңгейден жоғары. 2018 жылы тұрғындаршөптің 1 тоннасы үшін 15-16 мың теңге төлеген. Бұған әрине, биылғы құрғақшылықбасты себеп. Екіншіден, бағаның бұлай құбылуына дизельдік отынның қымбаттауыәсер етіп отыр. Өткен жылы дизель отынының 1 литрі 172 теңге болса, үстіміздегіжылы ол 187 теңгеге жетті. Оның үстіне техниканың, қосалқы бөлшектердің бағасықымбаттады», - дейді Жансұлтан Тәукенов.

Жалпы, бүгінде облыс бойынша 980 мың тонна шөп дайындалды.Ал шабындықтағы шөптің шығымы әр ауданда әртүрлі. Бірқатар аудандарда гектарына1,5-3,5 центнерден айналады. Мәселен, Қамысты, Жітіқара, Қарабалық, Денисов,Науырзым, Әулиекөл, БейімбетМайлин аудандарындағы көрсеткіш жалпы облыстық нәтижеге саяды. Қостанай, Арқалыққаласы, Сарыкөл, Федоров,Алтынсарин, Меңдіқара аудандарында бір гектардың түсімі – 4,4-6,4 центнер.

Жансұлтан Тәукеновтің айтуынша, Аманкелді ауданы, Жанкелдин,Қарасу аудандарында мал азығы жиналып, қыстақ бастарына тасымалданған. Басқармабасшысы аудан әкімдіктеріне қажетті мал азығын дайындау барысында барлық қажетті шараларды қарастыру туралы ұсыныс айтты.

«Шөп бағасының артуы, мал басының төмендеуі тәріздіәлеуметтік шиеленіске жол бермеу, жеке шаруа қожалықтарына, ірі ауылшаруашылықтауарөндірушілеріне тұрғындарды шөптіарзан бағамен сатуды ерекше назар аударуміндеттелді», - деді Ж.Тәукенов.

Бұған дейін өңірдегі құрғақшылық салдарынандәнді-дақылдардың шығымы төмендеп кеткенін хабарлағанедік. Әсіресе, облыстың оңтүстік аудандарындағы егіннің түсіміне әсереткен.

Соңғы жаңалықтар