Қостанай облысындағы өрт: Семейден арнайы инженерлік техникалар жіберілді

Фото:
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қостанай облысының Әулиекөл ауданындағы өртті сөндіру үшін Семей қаласынан арнайы инженерлік техникалар жіберілді. Бұл туралы Абай облысы әкімдігінің баспасөз қызметінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қарулы күштердің арнайы инженерлік техникасы Семей қаласынан Қостанай облысына өртті жою үшін көмекке шықты», - делінген аталған өңір әкімдігінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Әкімдік дерегінше, Абай облысы аумағандағы «AMANAT» партиясының филиалдарында 9 гуманитарлық көмек қабылдау пунктілері ашылған.

Еске салсақ, 2 қыркүйекте сағат 15:10-да Қостанай облысындағы Қазанбасы ауылынан 20 шақырым жерде, «Басаман КШШ» КММ аумағында орман алқабы өртенген болатын. Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин оқиға орнына тікұшақпен аттанды.

Өрт ауылдарға қарай жалындап, тұрғындар эвакуацияланды, өртке байланысты шұғыл желі іске қосылды.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Премьер-Министр Әлихан Смайылов, Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин және Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетовтың өрт аймағындағы жедел жағдай туралы есебін тыңдады.

Өңірлерде «AMANAT» партиясының гуманитарлық көмек қабылдау пунктілері жұмысын бастады.



Видеодан алынған кадр





Соңғы жаңалықтар