Полиция дән ұрлаушыны жасалған қылмыстың ізімен ұстады. 30 тамыз күні Меңдіқара ауданының полиция бөліміне 60 жастағы шаруа қожалығының басшысынан арыз түсті. Оның алқабынан дән ұрланған.
«Дәнді комбайннан «Ваз 2114» автокөлігін айдаған белгісіз адам ұрлаған. Ол 770 кг дәнді жүксалғышқа тиеп, белгісіз бағытта жасырынған», - деді полициядан.
Аталмыш факті бойынша 56 жастағы жүргізуші Бурабай ауылының маңында ұсталды. Күдікті Жітіқара ауданының тұрғыны болып шықты, бұрын ұрлық үшін сотталған. Ол қылмысын мойындап, дәнді әрі қарай сату үшін ұрлағанын айтты.
Дән иесіне қайтарылды. ҚР ҚК-нің 188-бабы «Ұрлық» бойынша сот алды тергеу басталды.