Күдікті Боровской орман шаруашылығында көзге түсті.
«26 желтоқсанда Қасқат ауылының маңында көлік іздері және қан дақтары көрінді. Арнайы құрылған жедел топ із кесіп, күдіктінің үйін тапты», - делінген ведомствоның баспасөз хабарламасында.
59 жастағы үй иесінің екі сібір елігінің терісін жасырғаны анықталды. Ал қару 65 жастағы Қасқат ауылы тұрғынына тиесілі болған.
Қазіргі уақытта сараптама жасалып, ҚР ҚК 337-бабының 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу шаралары жүргізілуде.