«Қарақшылық шабуыл 15 наурызда сағат 19.00 шамасында жасалған. 39 жастағы ер адам микроқаржылық ұйымға кіріп, адамдарды қорқыту арқылы 183 мың теңге ақшалай қаржыны алып кеткен. Ол өз кінәсін мойындады», - дейді полицияның баспасөз қызметіндегілер.
Полиция қызметкерлері ғимарат аумағында кешенді жедел-тергеу іс-шараларын жүргізді. Күдікті бұрын да сотталған қала тұрғыны болып шықты.