Облыстық ІІД-нің баспасөз хатшысы Ирина Беженарьдің сөзінше, әкімдік ғимараты орналасқан қала орталығы күдікті сөмке үшін қоршауға алынған.
«9 сәуір күні сағат 15:22-де «102» пультіне «Қазақтелеком» АҚ қызметкері қоңырау шалып, ғимарат маңында күдікті сөмкенің жатқанын хабарлады. Терроризмге қарсы қауіпсіздік мақсатында барлық іргелес аумақ толықтай қоршауға алынды», - деді ведомство өкілі.
Тексеру кезінде анықталғандай, күдікті сөмке ішінде аяқ киім салынған қорап болған. Қазіргі уақытта сөмкенің иесі табылды.