Қостанай облысы ІІД тергеу бөлімі ҚР ҚК 345-бабы («Жол қозғалысы ережесін бұзу») бойынша қылмыстық іс тергеліп, прокуратураға жіберді.
Еске салсақ, қайғылы оқиға үстіміздегі жылдың 17 шілдесі күні болған. Карбышев көшесіндегі автотұрақтардың бірінде 37 жастағы «Лимузин» жүргізушісі 74 жастағы зейнеткерді соғып кетеді. Ол автотұрақта күзетші болып жұмыс істеген.
Тергеу шаралары анықтағандай, күзетші ауыр дене жарақаттары салдарынан оқиға орнында мерт болды. Қылмыстық іс материалдары деректері бойынша күдіктінің кінәсі дәлелденіп отыр.