Қостанайда мас күйінде көлік жүргізген ауыл әкімі жазаланды

Фото: None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат – Ауыл әкімі мас күйінше көлікке отырғаны үшін қатаң сөгіс алуы мүмкін. Бұл жағдай Әдеп жөніндегі кеңесте қаралды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Аталмыш дерек мемлекеттік қызметкерлердіңәкімшілік құқық бұзу фактілерін мониторингтеу кезінде анықталды. Бұл жолыФедоров ауданы Новошумное ауылының әкімі Болат Бақытжанов назарға ілікті.

«Биылғы 2 наурызда Болат Бақытжанов жолережесін бұзып, алкогольді ішімдік ішкен күйі Р510 АМА 10 нөмірлі Audi көлігінжүргізген. Осылайша ол Әкімшілік құқық бұзу кодексінің 608-бабы 1-бөлігібойынша тәртіп бұзды. Әкімшілік іс 13 наурыз күні Федоров аудандық сотындақаралды. Сот отырысында Б.Бақытжанов кінәсін мойындады»,- деп мәлім еттіМемлекеттік қызмет істері агенттігінң облыстық депаартаменті.

Ауыл әкімінің өзі теріс қылығынмойындап, мән-жайды түсіндірді. Айтуынша, сол күні Федоровка ауылында досыныңтуған күнін тойлап, екі бөтелке сыра ішкен. Түн жарымында анасы телефон шалып, әкесінің науқастанып қалғанын айтады. Оны естіген соң бірден көлікке отырып,Затобол кентіндегі ата-анасының үйіне жол тартқан.

Әдеп кеңесінің мүшелері аудан әкімініңБақытжановты жақсы жағынан сипаттағанын ескере келе, оған мемлекеттік қызметэтикасын бұзғаны үшін қатаң сөгіс беруді ұсынды.

Соңғы жаңалықтар