«7 тамыз күні облыстық аурухананың қабылдау бөліміне 27 жастағы қыз түскен. Ол нәрестесін ауруханада қалдырып қалдырып кеткен. Аталған факт бойынша сотқа дейінгі тергеу шаралары басталды. Қазіргі уақытта ана мен нәресте облыстық перзентханаға көшірілді», - деді облыстық ІІД-нің баспасөз хатшысы Ирина Беженар.
Ал облыстық аурухананың бас дәрігері Юрий Моисеев бұған дейін 27 жастағы қыздың дәретханада босанғанын айтқан болатын. Анасы өз нәрестесінен бас тартпақ болған.