8 жасар қыз әткеншек теппек болғанда ол қирап, қыздың басына темір тиген. Қостанай облысы тұрғыны қызым жарақат алды деп полицияға арызданды.
«Осыған қатысты Қостанай облысының полиция департаменті соталды тергеуді бастады. Тергеу амалдары Қылмыстық кодекстің 306-бабы «Қауіпсіздік талаптарына сай келмейтін тауарларды шығару немесе сату, жұмыстарды орындау не қызметтерді көрсетуге» сәйкес жүргізіліп жатыр», - деп мәлімдеді С. Жампейісов.
Тергеу барысында кінәлілер анықталып, кемшілікті жою ұсынылады.