«Қостанайда валюта айырбастау пунктінен 392 мың АҚШ долларын ұрлап кеткен қала тұрғынын ұстады. Ұсталған күдіктінің пәтерін тінту барысында «АК-103» автоматы мен оның оқтары табылып тәркіленді», - деді Алмас Садубаев.
Мұнан бөлек, Алматы облысының Жамбыл ауданында Түркістан облысының тұрғыны ұсталды. Оны Алматы қалалық ІІД Экстремизм күрес және криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері қаладағы ЖШС-лердің бірінен 8 млн теңгеге жуық қаражатты ұрлап кеткені үшін тұтқынға алған.
16:56, 22 Тамыз 2018
Қостанайда валюта айырбастау пунктінен 392 мың доллар ұрлаған күдікті ұсталды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қостанайда валюта айырбастау пунктінен 392 мың доллар ұрлаған күдікті ұсталды. Бұл туралы бүгін ҚР Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Алмас Садубаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.