«2019 жылғы 23 сәуірде кешке 1981 жылы туған жазасын өтеуші Арман Бахитұлы Жұманов УК-161/11 (қоныс-колониясы) қауіпсіздігі барынша төмен мекемесінде қылмыстық жазасын өтеп жүрген кезде қашып кеткен. Ол осы мекемеде жұмысқа орналасқан, еркін жүріп-тұру құқығын пайдалана отырып, жұмыс орнын тастап, белгісіз бағытта бой тасалаған», - делінген департаменттің баспасөз хабарламасында.
Қазіргі уақытта жазасын өтеушінің орналасқан жерін анықтау бойынша іздестіру іс-шаралары жүргізілуде.