Қостанайда жылыту маусымы қашан аяқталады

ҚОСТАНАЙ. KAZINFORM – Былтыр Қостанайда жылыту маусымы сәуір айының екінші жартысында тоқтатылды. Биыл мерзімі өзгеруі мүмкін. 

Фото: pixabay

Қостанай әкімдігінің мәліметінше, жылыту маусымын тоқтатудың өз тәртібі бар. Ол үшін орташа тәуліктік температура үш күн қатарынан 10 °C-тан төмен болмауы тиіс. 

Әкімдік жылу беруді тоқтату туралы шешімді жергілікті атқарушы органдар нақты метеорологиялық деректер негізінде қабылдайтынын атап өтті. «Қазгидромет» РМК облыстық филиалы сәуір айы жылы болатынын болжап отыр. 

– Сәуірдегі ауаның орташа температурасы 6,0 10,6°С болмақ, бұл нормадан 1-2° жоғары (норма: 4,1 8,7°С). Бір айда жауын-шашын мөлшері облыстың көп бөлігінде нормадан, оңтүстікте нормаға жақын болады деп болжанған (норма: 12-27 мм). Жауын-шашын (жаңбыр, қар) айдың ортасында жаумақ. Жаңбыр, найзағай екінші, көбінесе үшінші онкүндікте болады деген болжам бар, - дейді синоптиктер.

Бірінші онкүндікте ауа температурасы түнде 3 8°С дейін, күндіз 15 20°С, облыстың оңтүстігінде 25°С дейін біртіндеп көтерілмек.

Бұған дейін Алматыда жылыту маусымы қашан аяқталатынын жазған едік.