«20 желтоқсанда Уральская көшесіндегі жерасты жылу құбырының диаметрі 108 мм болатын бөлігі жарылды. Апат шамамен таңғы сағат 08:00 шамасында болды. Құбырды қалыпқа келтіру жұмыстары сағат 13:00-18:00 аралығында жүргізіледі. Осыған байланысты Уральская 23 мекенжайы бойынша орналасқан көпқабатты тұрғын үй жылудан ажыратылды», - деп мәлім етті «Қостанай жылу энергетика компаниясының» баспасөз қызметінен.
Еске салайық, таяуда Қостанай көшелердің бірінде кәріз жүйесі жарылып, жол бойына су жайылғанын жазып едік.