Оқыс оқиғаны облыстық ІІД баспасөз қызметі растады. Келеңсіз жағдай Қостанай ауданының Заречный ауылының Юбилейный көшесінде болды.
«ВАЗ-2113» көлігінің жүргізушісі рульге ие бола алмай, қарсы бағытта келе жатқан автобусқа соқтығысқан. Жол-көлік апаты салдарынан жеңіл көлікте отырған жолаушы көз жұмды. Көлік жүргізушісі ауруханаға жеткізілді», - делінген ІІД баспасөз хабарламасында.
Аталған оқиға бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр.
Фото: alau.kz