«Қостанай облыстық ІІД Криминалдық полиция қызметкерлері Қарасу ауданына қарасты Восток ауылында қылмысын жасыру мақсатында 4 сынып оқушысын өлтірді деген күдікпен Ресей Федерациясының азаматын ұстады», - деді ол.
Бұған дейін хабарлағанымыздай, Қарасу ауданының Восток ауылында 11 жастағы баланың мүрдесі табылып, осы іске қатысты сотқа дейінгі тергеу шаралары жүргізіле бастаған еді.
Кейін облыстық ІІД баспасөз қызметі жедел-із кесу шаралары барысында 46 жастағы Қарасу ауылының тұрғыны ұсталғанын және ол қылмысын мойындағанын жария еткен болатын.