«Қостанай облысындағы өртке қатысты қазір тергеу жүріп жатыр. Тергеушілер бірқатар лауазымды тұлғаны ұстады. Оларға айып тағылуда», - деді Төтенше жағдайлар министрі.Еске салайық, қыркүйек айында Қостанай облысына қарасты Әулиекөл ауданында орман өртенген еді. Бірнеше күнге жалғасқан өрт салдарынан 2 091 адам эвакуацияланып, 12 тұрғын түрлі жарақат алды.
Аманқарағай, Озерное және Лесное ауылдарынан - 1841, Бағаналы және Қазанбасы елі мекендерінен 250 адам қауіпсіз жерлерге көшірілді.
Сонымен қатар, Аманқарағай ауылында 98 үй өртеніп кетті. Қазіргі таңда тілсіз жау салдарынан баспанасынан айырылғандарға үй салынды.