— Бұл тақырып маған өте жақын болғандықтан #Qazalemi байқауына қатысуды жөн көрдім. Біріншіден, мен өз Отанымның патриотымын — мен Қостанайды және жалпы елімді жақсы көремін. Ал, екіншіден, челлендж қатысушылары өз туған жерлерінің сұлулығын жариялайды, неге Қостанай өңірінің де сұлулығын көретпеске. Мен бұл байқауға қатысуды құрмет деп санаймын, — деді ол.
Видеороликте жеткіншек Қостанай және облыстың басты су артериясы — ірі қалаларды байланыстыратын, өңірдің табиғи байлықтарының бірі саналатын Тобыл өзені туралы әңгімелейді.
Айта кетейік, танымал актер әрі продюсер Нұрлан Қоянбаев Instagram парақшасында Қазақстанның Тәуелсіздік күніне орай байқау ұйымдастырған болатын. Қатысушылар өз аймағындағы қысқы көрікті жерлерді, сондай-ақ #Qazalemi хэштегімен ерекше және әдемі жерлерді фотосуреттер мен бейнематериалдарға орналастыруға міндетті. Ең креативті жұмыстардың авторларына сыйлықтар — жаңа смартфондар мен шипажайға жолдама беріледі. Байқау қорытындысы 27 желтоқсанда жарияланады.
Осыған дейін туған жерінің сұлулығын видео арқылы көрсеткен Түркістан облысының ауыл тұрғыны туралы жазған болатынбыз.
Сондай-ақ, байқауға қатысқан Кентау тұрғыны қаланың қысқы көрінісі бейнеленген суреттер жариялағаны хабарланды.