Қала әкімдігінің мәліметінше, Ата-аналар күні қарсаңында зиратқа халық көп жиналып, бейіт басына келушілер оның айналасын ретке келтірген. Жиналған қоқысты уақытша бір аумаққа үйіп төккен.
Атап өтілгендей, зиратқа қызмет көрсететін мердігер ұйым жиналған қалдықтарды жоспарлы түрде шығару жұмысына кірісті.
Билік өкілдері аумақ толық тазартылғанға дейін жұмыстар жалғасатынын мәлімдеді.
Бұған дейін Қызылордада 20 мыңнан астам тұрғын киелі орындар мен зираттарды тазалағаны туралы жарияладық.