«Біздің қызметкерлер облысаралық, халықаралық қатынастағы жолаушылар және жүк тасымалдайтын көліктерді тексереді. Әрбір рейс алдында көліктің міндетті техникалық байқаудан өтуіне, жүргізушілердің еңбек және демалыс режімін сақтауларына баса назар аударылады», - деді Ысмағұлов.
Қазір бүкіл Қазақстан бойынша «Автобус» жедел-профилактикалық шарасы өтіп жатыр. Айта кетейік, жергілікті полиция қызметі мен көліктік бақылау инспекциясы бірлесе жұмыс істейді.
«Жолаушылар тасымалдайтын автобустардың техникалық ақауы болса, оның жүруіне келісім берілмейді. Сондай-ақ, полицейлер шетелдік жолаушыларды тасымалдауға рұқсат беретін құжатты да қарайды. Егер тексеру нәтижесінде құқықбұзушылық анықталса, әкімшілік жаза қолданылады», - деді тәртіп сақшысы.