«Қостанай-Әулиекөл» бағытында кезекшілікте жүрген полиция экипажы шамамен түнгі сағат төртте Аманқарағай ауылында жеке үйдің жанып жатқанын көреді.
«Оқиға орнына полицейлер жеткенде от үйдің шатырына дейін шарпып кетіпті. Тек іштегі балалардың айқайлаған дауыстары естіліп тұрған. Сержанттар Саят Таңатқанов пен Мәмед Ерғали және арнайы жасақ қызметкері Алмас Өтеулі лезде қимылдап, тұрғындарды сыртқа алып шықты» - делінген ІІД баспасөз хабарламасында.
Полицейлер үй ішінен газ баллонын да шығарған. Кейіннен аумақты қоршауға алып, өрт сөндіру қызметіне қоңырау шалды.
Өрттің шығу себептері анықталуда. Балалардың айтуынша, алдымен үй қасындағы монша тұтанған.