Жанкүйерлер тарапынан еліміздің батыс өңірінде орналасқан екі қала командаларының кездесуіне айрықша қызығушылық болғаны рас. Турнир кестесінде қатарлас келе жатқан олар жеңіске жетуге бар күшін салатыны анық еді.
Ойын барысында қарсыластар бір-бірінің қақпасының маңынан жиі бой көрсетті. Нәтижесінде 56-минутта «Атырау» сапынан Ян Труфанов есеп ашса, 65-минутта ақтөбелік клубтан Виталий Латурнис таразы басын теңестірді. Осылайша командалар 1:1 есебімен тең түсті.
Дәл қазір «Қайсар» (Қызылорда) мен «Тобыл» (Қостанай), «Ордабасы» (Шымкент) мен «Жетісу» кездесуі өтіп жатыр.
Бүгін сырт алаңда өскемендік «Алтай» Петропавлдың «Қызылжарынан» басым түсіп, алғашқы жеңісіне қол жеткізсе, алматылық «Қайрат» елордалық «Жеңісті» 2:1 есебімен тізе бүктірді.
Еске салсақ, бірінші ойын күнінде жезқазғандық «Ұлытау» Ақтаудың «Каспийін», көкшетаулық «Оқжетпес» «Астананы» 1:0 есебімен жеңсе, «Ертіс» (Павлодар) пен «Елімай» (Семей) 2:2 есебіне қанағат білдірді.