Кездесу барысында ақтөбелік клубтың белсенділігі байқалып тұрды.
Ойынның 5-минутында олардың қатарынан Яни Атанасов есеп ашса, 22-минутта Темірлан Ерланов басымдықты арттырды.
Оған 45-минутта «Оқжетпес» сапынан Шахбоз Умаров бір голмен жауап қайырды.
Осылайша «Ақтөбе» қарсыласынан 2:1 есебімен басым түсіп, турнир кестесінде 31 ұпаймен үшінші орынға көтерілді.
Бүгін жезқазғандық «Ұлытау» өз алаңывнда Павлодардың «Ертісіне», талдықорғандық «Жетісу» Петропавлдың -«Қызылжарына» 1:2 есебімен есе жіберді.
Сондай-ақ аталған турда ертең, 26 шілдеде 18:00–де «Тобыл» (Қостанай) — «Атырау», 19:00–де «Астана» — «Алтай» (Өскемен), «Елімай» (Семей) — «Қайсар» (Қызылорда), «Қайрат» (Алматы) — «Ордабасы» (Шымкент) кездеседі.
Бұл турды 20:00–де «Каспий» (Ақтау) — «Жеңіс» (Астана)
кездесуі түйіндейді.
Еске салсақ, бұдан бұрын Конференция лигасында «Тобыл» сырт алаңда «Паневежиспен» тең түсті.